Кәсіби бағдар беру / Профориентация
12.06 күні “№203 ЖББМ” КММ-нің кәсіби бағдар берушісі Шыныбаева Базаркүл Айтбаевнамен бірге 9 “В” сыныбының оқушылары Алматы қаласындағы “Samal Water” минералды су зауытына экскурсия жасады. Бұл танымдық экскурсияны Алматы автомеханикалық колледжінің әкімшілігі ұйымдастырып, бізбен бірге 2-курс студенттері және олардың кураторы да қатысты. Мектеп оқушылары арнайы киім киіп, микрофонмен жабдықталып, зауыттағы қауіпсіздік ережелерімен танысқан соң, зауыт ішін аралап, өндіріс процесімен танысты.