Жүректен жүрекке » "№203 жалпы білім беретін мектеп" КММ
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№203 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 36-06-48
Есепші бөлімі:
+7(727) 23-11-37
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жақсылық» науқаны / Акция добра
25
февраль
2026
Жақсылық» науқаны / Акция добра
Мектебімізде қайырымдылық пен мейірімділікті дәріптейтін «Жақсылық» науқаны өз жалғасын тапты. Аталған шараға ұстаздар, оқушылар және ата-аналар белсенді түрде қатысып, игі іске өз үлестерін қосты. Науқан аясында мұқтаж отбасыларға көмек көрсетіліп, азық-түлік пен қажетті тұрмыстық заттар жиналды. Оқушылар қайырымдылықтың мәнін түсініп, жанашырлық пен қамқорлықтың маңызын сезінді. Жақсылық жасау – әрбір азаматтың адамгершілік парызы.
Қайрымдылық Челленджі / Челлендж добра
23
февраль
2026
Қайрымдылық Челленджі / Челлендж добра
💖 Мектебіміздің 6 «Г» сынып оқушылары «Жүректен жүрекке» челленджін өткізді. 🎯 Аталған шараның мақсаты – оқушылардың бойындағы мейірімділік, қамқорлық және жанашырлық қасиеттерін арттыру. 🤝 Челлендж барысында оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, игі тілектер айтып, жақсы сөздің адам көңіліне қуаныш сыйлайтынын көрсетті. 🌸 Сонымен қатар, олар айналасындағы жандарға қолдау көрсетудің маңыздылығын түсінді. ✨ Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар оқушылардың жүрегіне ізгілік ұялатып, бірлік
Жүректен жүрекке !
20
октябрь
2021
Жүректен жүрекке !
“Адамға қуаныш сыйла” акциясы аясында көп балалы, «аз қамтылған» отбасыға көмек ретінде азық-түлікпен қамтамасыз етілді. Осы ретте бұл қайырымдылық шараға белсене ат салысқан жомарттықтан алдына жан салмайтын дене шынықтыру пәні мұғалімі Тургынбаев Азамат Қуатұлына алғысымызды білдіреміз! Барлық әріптестерімізді осындай игі істерге атсалысуға шақырамыз!
Жүректен жүрекке
14
октябрь
2021
Жүректен жүрекке
«Тайып бара жатқанға таяныш бол» демекші, Жандары жайсаң ұстаздарымыз (есімдерін атамауды өтінді) мектептегі көп балалы «аз қамтылған» отбасыға азық-түлікпен жәрдемдесіп талай жанның жүрегін тебірентті. Барлық әріптестерімізді осындай игі істерге атсалысуға шақырамыз!