Протокол № 5 » №203 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№203 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 36-06-48
Есепші бөлімі:
+7(727) 23-11-37
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
январь
2023

Протокол № 5

№5 Хаттама.
2023 жылғы 05 қаңтарындағы отырыс.
Қатысты:
Конкурстық комиссияның төрайымы:
Гаражаева Ақынқыз Шамиловна
Конкурстық комиссия мүшелері:
Скакова Кенже Нуржумаевна 
Серікқызы Айзада
Мошанова Меруерт Бекгазиевна
Конкурстық комиссияның хатшысы:
Абликаирова Айымгул Аскаровна 
Болмады:
Мустекова Айжан Алжанбаевна
Күн тәртібі:
  1. "№203 жалпы білім беретін мектеп"КММ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары бос лауазымына орналасуға конкурстық комиссияның шешімі.
Сөз сөйледі:
      Конкурстық комиссияның төрайымы А.Ш.Гаражаева
      Химия пәнінің мұғалімі А.А.Мустекова оқуға (біліктілікті арттыруға) кетуге байланысты отырыста жоқ.
    "№203 ЖББМ" КММ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Т.Алишарова еңбек шартын бұзу туралы ойын білдірді. Осыған байланысты, "мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 568 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 432 бірлескен бұйрығы негізінде 2023 жылғы 16 қаңтар күні "№203 жалпы білім беретін мектеп " КММ интернет – ресурсында және әлеуметтік желілердің ресми аккаунттарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланды. Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау 2023 жылғы 16-24 қаңтар арлығында жүргізілді. Комиссия кандидаттың құжаттарының педагогтердің үлгілік біліктілік талаптарымен бекітілген Біліктілік талаптарына сәйкестігін қарауды жүргізді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары бос лауазымына орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін тек кандидат Исатаева Акерке Сагатовна құжаттар тапсырды.
        Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының бос лауазымы " №203 жалпы білім беретін мектеп "КММ-де 2022 жылғы 16 қаңтар күні жарияланды. Кандидаттың жоғары білімі бар, 2011 жылы Х.А.Ясави атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін "Информатика" бакалавры мамандығы бойынша бітірген. 
А.С. Исатаева 2018 жылғы 19 сәуірден бастап біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші біліктілік санатына иесі. 2019 жылы "Өрлеу" біліктілігін арттырудан өтті. Педагогикалық қызметін "№181 ЖББМ" КММ-де бастады. Информатика пәнінің мұғалімі, директордың тәрбие жөніндегі орынбасары болып жұмыс атқарды. Жұмыс өтілі 8 жыл. Жұмысқа жауапкершілікпен қарайды. Жас Қанат шағынауданындағы мектептің жанында тұрады.
    К.Н.Скакова Исатаева Акерке Сагатовнаның жеке ісін қарап, кандидаттың құжаттарына қатысты өз пікірін білдірді, барлық құжаттар тәртіпте. Кандидат информатика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істегендіктен, мектептің сайты да, мектептің әлеуметтік желілерінің ресми аккаунттары да тиісті тәртіпте жұмыс істейді. Хабарламалар уақтылы және сауатты жарияланады.
     А.Серікқызы мынаны айтты: құжаттарын қарай отырып, еңбек өтілі жоғары, тәрбие саласында жұмыс атқарған, жетістіктері мол маман екені көрініп тұр.
        Конкурстық комиссияның барлық мүшелері кандидат Исатаева Акерке Сагатовнаның жеке ісімен танысып, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары бос лауазымына орналасуға кандидаттың өтуіне келісім берді.
Қаулы етті:
1) Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары бос лауазымына орналасуға конкурстық комиссия шешімінің қорытындысы бойынша кандидат Исатаева Акерке Сагатовна конкурс өтті.
        Конкурс нәтижелері "№203 жалпы білім беретін мектеп " КММ интернет-ресурсында және әлеуметтік желілердің ресми аккаунттарында жарияланады.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив