08
май
2021
Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов!
«Бисмилләһи, тәуәккәлту ъалал-лаһу уә лә хаула уә лә қууатә иллә биллә». Үйден, яғни сапарға шыққанда айтылатын дұға. Мұның мағынасы: «Ей, Алла, өзіңе өзімді тапсырдым, түрлі қауіп-қатерден сақтай гөр. Тәуекел еттім». От пен оқтың арасында жүрсе де Жаратушыны ұмытпаған батыр Алланы жоққа шығарып, жаппай атеистікке бет бұрған қоғамда өмір сүрсе де ата-бабадан қалған асыл дінді жадынан шығармаған. 23 жасында Кеңес одағының 2 мәрте батыры атағын алған Бигелдинов әр рет соғыс майданына кірерде осы дұғаны оқып, Алладан амандық тілейтінін айтып берген еді.
МҰСЫЛМАННЫҢ ҚАРУЫ ДҰҒА! ҚАРА АЖАЛ!
Ер есімі - ел есінде!

МҰСЫЛМАННЫҢ ҚАРУЫ ДҰҒА! ҚАРА АЖАЛ!
Ер есімі - ел есінде!

Өмірбаяны
Арғын тайпасы Қуандық руының Ағыс бұтағынан шыққан.[2][3]- Аэроклубта тамаша тәжірибеден өтіп, ұстаздарының оң көзіне түскен талапты жігіт Талғатты 1940 жылы Саратов әскери-авиация мектебіне оқуға жібереді. Ондағы қатаң сұрыптаудан жанарының оты бар жігіт аман-есен өтеді.
- Саратовтағы ұшқыштар мектебін екі жыл оқып, сержант шенімен бітірген соң, Чкаловтағы бомбалаушы ұшқыштар мектебін аяқтайды.
- Ал қан майданға аттанар алдында Ижевск қаласынан «ИЛ-2» штурмовигімен ұшуды үйреніп шығады.
- Сол күннен бастап әскерилер арасында «ұшқыш танк» деп аталып кеткен «Илюшаға» басы бүтін бауыр басып, 1942 жылы майданға аттанады. Осы өзі бір көргеннен қатты ұнатқан ұшақпен көк жүзінде 500 сағат болады. 305 рет әскери шабуылға шығып, жау ұясы – Берлинді алуға бірінші болып қатысады. Фашистер өздеріне аяусыз өлім оғын сепкен Талғат мінген ұшақты «Қара ажал» деп атаған. 23 жасында Кеңес Одағының екі мәрте батыры атағын иеленіп, соғыста небір көзсіз ерлік көрсеткен қыран қазақ қан майданнан аман-есен оралады.
- Соғыстан соң әскери әуе академиясын аяқтайды.
- Қазақстанның әскери-әуе күштерінде түрлі басқару қызметінде болады.
- 1956 жылы денсаулығына байланысты демалысқа шығады.
- 1957 жылдан 1970 жылға дейін азаматтық авиацияны басқарып, Алматы, Ақмола, Арқалық, Қызылорда, Қарағанды, Тараз сынды көптеген қалаларда аэропорт салу ісіне өлшеусіз үлес қосады.
- 1968 жылы Мәскеу инженерлік-құрылыс институтын бітіріп, мемлекеттік құрылыс саласында да қызмет атқарып, әсіресе, Алматыдағы небір тамаша зәулім ғимараттардың бой көтеруіне атсалысады.