12
май
2021
Кітапхана рубрикасы: "Оқуға құштар мектеп"
«Оқуға құштар мектеп» жоспарының 5-ші бөлімі мәдениет, қосымша білім беру мекемелерімен өзара іс-қимыл және әлеуметтік әріптестік орнату барысында мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Кенже Скакованың ұйымдастыруымен саясаттанушы, публицист, суретші, қазақ тілін үйренушілерге арналған танымал «BAS QOSY» жобасының және "Күміс кітап" авторы және «AMALBOOKS» кітап баспасының негізін қалаушы Бақытжан Бұқарбаймен онлайн кездесу өткізілді. Кездесуде жазушы, енді қалыптасып келе жатқан жас буын оқырманға кітап оқуға дағдыланудың түрлі тәсілдерімен бөлісе отырып, ең маңызды кітаптарды қалай іріктеп оқуға кеңес берді. Бұл кездесу оқушылардың бойында кітап оқуға деген құштарлығын арттырғанына сенімдіміз. Уәде еткеніндей «Күміс кітапты» мектебімізге сыйға тартты.






