Кітап фест ! » №203 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№203 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 36-06-48
Есепші бөлімі:
+7(727) 23-11-37
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
сентябрь
2021

Кітап фест !

«Тілім менің - Тірегім»
Кітап Fest
«Тілім менің - Тірегім» атты тақырыбында Әлем Халықтары Жазушылары Одағының мүшесі, ақын Әсел Оспанмен Кітап Fest болып өтті.  
Поэзия – ақсүйек жанр. Көңілің аппақ, пейілің кең, жүрегің сезімтал, көкірегің ояу, өзің айтқыш болмасаң – жүгін алып жүруің екіталай. Ақын Әсел Оспанның өне-бойында осы қасиеттердің барлығы тұнып тұр. Іс-шара барысында ақынның шығармашылығы мен өмірбаянымен таныстырылды. Ақын жаны нәзік келеді, қарымды қаламгер өзінің бірқатар жарыққа шықпаған өлеңдерін оқыды. Әсел Оспанның жазу стилі ерекше – Шығыс стилінде  жазуы. Шығыс классиктерінің шығармаларымен етене таныс болған. Кездесу барысында оқушылар мен мұғалімдердің қойған  сұрақтарына жауап беріп, пікір алмасты. Кездесуге мектеп оқушылары мен мұғалімдері қатысты. Әсел Оспан өзінің «Үмітімнің Үркері» атты кітабын мектеп кітапханасына табыс етті. Ақынмен кездесу кеші өз деңгейінде өтті.  

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив