"Кітап - білім бұлағы"
12-13.05.2022 жылында "№203 ЖББМ" КММ-де балалар жылына арналған "Кітап -білім бұлағы" (көркем оқу) мектепішілік байқауы 1-8 сынып оқушыларымен өтті.
Байқау мақсаты: кітап пен оқуды насихаттау мақсатында тартымды, қызықты, шығармашылық орта құру:мектеп пен колледж оқушыларының бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру үшін мәдени-ағартушылық іс-шаралардың әртүрлі нысандарын қосу.Байқауға қатысушылар көркем әдебиеттерден бағалау бағыттары бойынша тақпақтар оқып,ертегілерден кейіпкерлер бейнесін көрсете білді. Сынып оқушылары оқыған кітаптарымен өзара бөлісті.
Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына байланысты өлеңдерін 4"А"сынып оқушылары «Менің сүйікті кітабым» бағыты бойынша, 3"А", 8 «Б» сынып оқушылары «Әдеби қолтырауын» бағыты бойынша кейіпкерлер есімі мен әдеби шығарманың атын, авторларын тапты. 2"Б " сынып оқушылары оқыған кітаптапына сипаттама беріп, презентациямен таныстырды. 7 "А" сынып оқушысы Каипова Альфия Ы.Алтынсаринның «Түлкі мен Қарға» мысалын мәнерлеп оқып берді. 5 «А» оқушылары кітап оқуды насихаттады. 6 «А» сынып оқушылары Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасы бойынша театрландырылған қойылым қойды.

