Оқуға құштар мектеп/Читающая школа » №203 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№203 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 36-06-48
Есепші бөлімі:
+7(727) 23-11-37
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
январь
2022

Оқуға құштар мектеп/Читающая школа

«Оқуға құштар мектеп»
«Bookcrossing – бұл керемет»
«Буккроссингтің» басты мақсаты: ол- үйімізде  жатқан немесе оқылған кітаптарға «екінші өмір сыйлау». Буккроссингтің мақсаттары - оқырмандар арасында «кітап алмастыру» акциясын жүргізу; әр түрлі жастағы оқырмандарды кітап оқуға шақыру;кітапханаға оқырмандарды тарту; күнделікті өмірдегі әр оқырманның кітап оқу әрекетін танымал етуге өз үлесін қосу; әлемді үлкен кітапханаға айналдыру;
«Bookcrossing –тің » ережелері:
1.Өзіңіздің сүйікті немесе оқыған кітабыңызды сөреге қойып, достарымен бөлісіңіз.
2.Сізге ұнаған кез-келген кітапты еркін алып оқуыңызға болады. Ол үшін кітапты кітапхана арқылы тіркеудін қажеттігі жоқ.
3. Кітапқа мұқият қараңыз: жыртпаңыз, беттеріне жазу жазбаңыз, қажет болса мұқабамен қаптап, желімдеп қойыңыз.
4. Кітапты оқып болган соң досыңызға оқуға ұсыныс беріңіз немесе сөреге қайтадан апарып қойыңыз.
5. Сөреде сенің сүйікті кітабың болмаса, – оны өзін әкеліп қос. Сіздер басқа адамдарға оқуға ұсынғыңыз келген кітаптарды таңдау  үшін, үйлеріңіздегі кітапханаға жақындап әрбір сөрені қарайсыздар. Тандау жасалып болған соң, кітап «Қауіпсіз сөре» деп аталатын сөреге қойылады. Ол жерден сіз жаныңызға жақын кітапты таңдап  алуыңызға да болады. Ол кітапты оқып болған соң досыңызға оқуға беріңіз немесе «Қауіпсіз сөреге» қайтадан апарып қойыңыз. Өте маңызды:  Кітаптар кеңістікте саяхаттап жүреді, бір қолдан басқа  қолға түседі, демек, өмір сүруді жалғастырады.
 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив