21
июнь
2021
Хаттама № 7
«№203 ЖББМ» КММ
Қамқоршылық кеңесі отырысының
№7 хаттамасы
Қатысты:
І Қамқоршылық кеңес мүшелері:
Директордың ТІ жөніндегі орынбасары – С.Ахметкалиева
Әлеуметтік педагог – А.Устенова
КҮН ТӘРТІБІ:
1.Келесі кезекте Маканов Жанат Сериккелдиевич сөйледі: Оқу жылының басында оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуын ұйымдастыру туралы бұйрық шығарылады, мұнда тегін ыстық тамақ алуға құқығы бар оқушылардың тізімдік құрамы бекітіледі. Көп балалы және әлеуметтік қорғансыз топтарға жатқызылатын оқушылар санаттары ата-аналар тапсырған құжаттарға сәйкес анықталған. Барлық шешімдерді ұсынылған құжаттар (ата-аналарының өтініші, санатын растайтын құжат, сынып жетекшісі мен ата-аналар комитетінің отбасын тексеру акті) негізінде қабылданады. Тегін тамақты келесі санаттарға жатқызылатын көп балалы және әлеуметтік қорғансыз отбасылардың балалары алады: - көп балалы отбасынан шыққан балалар. - аз қамтылған отбасынан шыққан балалар; - жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар (заңды өкілінің- қамқоршылықтағы (қорғаншылық) балалар, асырап алынған балалар; - асыраушысын жоғалту бойынша жәрдемақы алатын балалар.
- жалғыз басты аналар. Мектеп оқушыларының қалған бөлігін тамақтандыру ата-анасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
2.Аутова Гулинур Дауджановна сөйледі:Мектеп асханасы толықтай қажетті ыдыс-аяқпен жабдықталған. Оның тазалығына баса назар аударылады. Жуу мен залалсыздандыру барлық санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтай отырып жүргізіледі, ең жақсы залалсыздандыру құралдары пайдаланылады. Мектептегі жұмыс жасаған уақыт ішінде асхананың кінәсінен асқазан-ішек жұқпасымен ауыру жағдайлары болған жоқ. Асханаға кіреберісте оқушылардың қолын жууға арналған арнайы орын бар.
3.Қайынбаева Улжан Зерноевна: Балалардың өсіп және тұлғасының қалыптасу кезеңіндегі дұрыс тамақтануы алдымен болашақ ұрпақ денсаулығының жолы және әр бір жаңа ұрпақтың жиналған білімді, нәтижелі түрде игеріп кетуінің кепілділігі екен. Қазіргі уақыттағы ғылымның талабына сонда ғана қол жеткіземіз.
ҚАУЛЫ:
Өтініштерді қарауға жауапты әлеуметтік педагог А.Устенова ұсынған құжаттар талапқа сай деп есептелініп, 27 оқушының Жалпыға бірдей білім беру қорынан тамақтануын қамтамасыз ететін мектеп бұйрығы шығарылсын.
Төраға_______________ Ж.Маканов
Хатшы _______________С.Ахметкалиева
Қамқоршылық кеңесі отырысының
№7 хаттамасы
Қатысты:
І Қамқоршылық кеңес мүшелері:
- Чингисова Куралай Адилжановна - Қамқоршылық кеңесінің мүшесі;
- Маканов Жанат Сериккелдиевич - Қамқоршылық кеңесінің төрағасы
- Қайынбаева Улжан Зерноевна - 2 сыныптар ата-аналар өкілі
- Досымбеков Арман Адильханович - 3 сыныптар ата-аналар өкілі
- Таджин Мархаба - 4 сыныптар ата-аналар өкілі
- Мошанова Меруерт Бекгазиевна - 5 сыныптар ата-аналар өкілі
- Бакалов Александр Александрович - 6 сыныптар ата-аналар өкілі
- Аутова Гулинур Дауджановна - 7 сыныптар ата-аналар өкілі
- Сыдыкова Эльмира Нұрымовна – 8 сыныптар ата-аналар өкілі
- Кадырова Сабина Карильевна - 9 сыныптар ата-аналар өкілі
- Розиева Гульмира Ярыевна -10 сыныптар ата-аналар өкілі
Директордың ТІ жөніндегі орынбасары – С.Ахметкалиева
Әлеуметтік педагог – А.Устенова
КҮН ТӘРТІБІ:
- «Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметті көрсету бойынша келіп түскен өтініштерді қарау.
- Осы мәселе бойынша мектеп директоры Р.Дайрбаева Қамқоршылық кеңесі мүшелерін «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларымен (ҚР Білім және ғылым министрінің 24.04.2020 жылғы №158 бұйрығына 10 қосымша) және Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы№ 64 қаулысымен
бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларымен (Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2020 № 949 (01.01.2021 бастап қолданысқа енгiзiледi) таныстырды. - Өтініштерді қарау үшін бірінші басшының шешімімен жауапты тұлға ретінде бекітілген әлеуметтік педагог А.Устенова 12 ата-анадан өтініш түскенін мәлімдеді. Өтініш беруші ата-аналар құжаттарды көшірмелерде және салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда ұсынғандықтарын және өтініш берушінің осы Қағидалардың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тұлғалар санатына тиесілігі жөніндегі, сондай-ақ осы Қағидалардың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тұлғалардың табысы туралы мәліметтердің бар екендіктерін атап өтті. Келіп түскен 27 оқушының жиналған құжаттарына шолу жасады, әр оқушы туралы толық ақпарат берді. Өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру қорытындысы туралы актімен Қамқоршылық кеңес мүшелерін таныстырды.