15
февраль
2022
"Қазіргі мектептерде саналы ұрпақ тәрбиесін жетілдіру тұжырымдамасы"
"Қазіргі мектептерде саналы ұрпақ тәрбиесін жетілдіру тұжырымдамасы" атты әдістемелік нұсқаулықпен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ахметкалиева Салтанат таныстырды. Тұжырымдаманың жетекші идеясы - рухы мықты, ұлттық намысы жоғары, әлеуметтік жауапкершіліктері қалыптасқан, парасатты, адал ниетті азаматтар тұлғасын мектеп қабырғасынан бастап тәрбиелеу және қазіргі қоғамда белең алып бара жатқан, жағымсыз әлеуметтік құбылыстардың алдын алу болып табылады. Сондай ақ пән мұғалімдері мен сынып жетекшілері өзара пікір алмасып, ой бөлісті. Саналы ұрпақ тәрбиесінің негізгі қағидалары жайында тест өткізді.


