«Қазақ тілі мен әдебиет пәні» бірлестігінің отырысында » Общеобразовательная школа №203
Коммунальное
государственное учреждение
"Общеобразовательная школа №203"
Управления образования города Алматы
Приемная
+7(727) 36-06-48
Бухгалтерия
+7(727) 23-11-37
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
» » «Қазақ тілі мен әдебиет пәні» бірлестігінің отырысында
06
январь
2023

«Қазақ тілі мен әдебиет пәні» бірлестігінің отырысында

     Қаңтар айының бесі күні мектебімізге «Lesson Study» тәсіліарқылы сабақтағыіс-әрекеттізерттеуді үйрететін қалалық тренер, шебер педагог Рыскелдиева Гүлмира ханым «Қазақ тілі мен әдебиет пәні» бірлестігінің мұғалімдеріне «Оқушыларды Lesson Study үдерісіне тарту» тақырыбында 2-коучинг сабағын жүргізді.Lesson Study – мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекетті зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл. Тренер алдыңғы жұмыс барысында құрылған топқа жұмысты жүргізу барысында кеткен қателіктері мен олқылықтарын ескерте отырып, өзінің оң бағасын берді. Зерттеуді әрі қарай жалғастыратын, орыс тілінде оқитын сыныптарға қазақ тілінен сабақ беретін мұғалімдерден жаңа жұмыс тобын жасақтап. Зерттеудің нақты мақсаты мен күтілетін нәтижесін ұстаздармен бірлесе отырып анықтады. 3-тоқсанда мұғалімдер «Қазақ тіліне деген оқушылардың қызығушылығын қалай арттырамыз?» - деген мақсатта жаңа технологиялар мен әдіс-тәсілдерді мейлінше орынды қолдана отырып, мақсатқа жетуді көздейді. Өз ісіне жауапты, мамандығына жанкештілікпен қызмет ететін тренеріміз Г. Рыскелдиеваға алғыс білдіреміз!!! Ұстаздарымыздың жұмысына сәттілік, шығармашылық идеяларының мол болуын тілейміз!

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив