01
ноябрь
2022
Педагог-психологтың уақытша бос лауазымына конкурс
1 | Білім беру ұйымының атауы | "Общеобразовательная школа №203 " КММ |
Орналасқан жері, пошталық мекенжайы | Түрксіб ауданы, Нұршашқан шағынауданы, Досбол би улица, 31. | |
телефон нөмірлері | 87754533355, 87272360648 | |
электрондық пошта мекенжайы | gku_osh_203_ | |
2 | Бос немесе уақытша бос лауазымның атауы, жүктеме | Педагог - психолог-1 ставка. |
Негізгі функционалдық міндеттері | оқушылардың психологиялық және әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз етуге және қалыпқа келтіруге, олардың әртүрлі өмірлік жағдайларда әлеуметтік-психологиялық бейімделу қабілетін дамытуға, сондай-ақ кәсіби өзін-өзі анықтау мәселелерінде көмек көрсетуге бағытталған қызметті жүзеге асырады; білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагог қызметкерлердің және оқушылардың немесе оларды алмастыратын адамдардың ата-аналарының психологиялық мәдениетін қалыптастырады; инклюзивтілік қағидатын іске асыруға жәрдемдеседі және білім беру процесіне қатысушылардың барлығының мінез құлқының толерантты мәдениетін қамтамасыз етеді; қорқытудың, суицидтің алдын алу бойынша жұмыс жүргізеді; білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын сіңіреді; әртүрлі профильдер мен мақсаттарға психологиялық диагностика жүргізеді, оқыту, жеке даму және мінез-құлық мәселелерін уақтылы анықтайды, психологиялық қорытынды жасайды; ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауға қатысады және оның негізінде оқушылардың жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, дамыту бағдарламаларын, сондай-ақ педагог-ассистент жүзеге асыру үшін балалардағы проблемалық мінез-құлықты жеңу бағдарламаларын әзірлейді; түрлі психологиялық проблемалары бар балаларға, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға консультациялар, жеке, кіші топтық және топтық дамыту сабақтары түрінде психологиялық көмек көрсетеді; дарынды білім алушыларға психологиялық қолдау көрсетеді; ата-аналарға, мұғалімдерге, мамандарға нақты психологиялық мәселелерді шешуде консультациялық көмек көрсетеді; педагогикалық ұжымға, сондай-ақ оқушылардың немесе оларды алмастыратын адамдардың ата-аналарына білім алушылардың жеке және әлеуметтік даму мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеу мақсатында зерттеу жұмыстарының материалдары бойынша психологиялық талдау жүргізеді; белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді, педагогикалық, әдістемелік кеңестердің жұмысына, білім беру ұйымының жұмыс жоспарында көзделген ата-аналар жиналыстарын, сауықтыру, тәрбие және басқа да іс-шараларды өткізу жөніндегі жұмысқа қатысады; кәсіби құзыреттілікті арттырады, мектеп жасындағы балалармен психологиялық жұмыстың заманауи әдістері мен технологияларын қолданады; бала құқықтарын қорғау жөніндегі конвенцияға сәйкес жеке адамның құқықтарын қорғауға жәрдемдеседі; балалардың өмірін, денсаулығы мен құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды; білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын сіңіреді. | |
Еңбекақы мөлшері мен шарттары | - өтілі мен біліктілік санатына сәйкес төленеді; - арнайы орта білім( min): бастап __________ теңге; - жоғары білім( min): бастап __________ теңге | |
3 | Кандидатқа қойылатын, бекітілген Біліктілік талаптары Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамалары | "Педагогика және психология" бағыты бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе бейіні бойынша жоғары медициналық білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды; және (немесе) біліктіліктің жоғары немесе орта деңгейі болған кезде: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог – зерттеуші үшін кемінде 5 жыл мамандығы бойынша жұмыс өтілі; және (немесе) біліктіліктің жоғары деңгейі болған жағдайда, мамандық бойынша жұмыс өтілі: педагог-шебер үшін кемінде 5 жыл. |
4 | Құжаттарды қабылдау мерзімі | 2022 жылғы 01-09 қараша аралығында. |
5 | 1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2)жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); 3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген-Бар болса); 4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса); 6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы"ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндеті М. А. 30.10.2020 ж. № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама; 7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама; 8) Наркологиялық ұйымнан анықтама; 9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ЕНТ)немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса); 10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы. | |
6 | Уақытша бос лауазым мерзімі | Уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру уақытына. |