1 қыркүйек - Білім күні құтты болсын! » Общеобразовательная школа №203
Коммунальное
государственное учреждение
"Общеобразовательная школа №203"
Управления образования города Алматы
Приемная
+7(727) 36-06-48
Бухгалтерия
+7(727) 23-11-37
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
» » 1 қыркүйек - Білім күні құтты болсын!
01
сентябрь
2021

1 қыркүйек - Білім күні құтты болсын!

Құрметті  әріптестер! Сіздерді  бүгінгі дәстүрлі "Білім күнімен", жаңа оқу жылының басталуымен ұжым атынан құттықтаймыз.
      Адам өміріндегі сарқылмас қазына-ол білім.  Адам баласы барлық арман- мақсаттарына тек білім арқылы ғана жете алады. 
     Бүгін еліміздің барлық білім беру мекемелері есіктерін айқара ашып,  ұлағатты  ұстаздар  қауымы білім нәрімен сусындауға келген Отанымыздың жастарын, шәкірттерін  құшақ жая қарсы алады.
      «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез»,-деп ұлы Абай айтқандай,  әрқашан ілім мен ізгілікті алға қоятын  ұстаздардың еңбегі тек бүгіннің ғана емес, келешектің, болашақтың жемісін мәпелейтін, қоғамды ілгері бастыратын бірден-бір күш екенін мойындаймыз.
Сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және еліміздің ұлағатты ұрпақтарын тәрбиелеу жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілеймін. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын.
      Отбасыларыңыздың берекелі, ұжымдарыңыздың мерекелі, көңілдеріңіздің шуақты, денсаулықтарыңыздың қуатты, істеріңіздің алтын, жүздеріңіздің жарқын болуына  шын жүректен тілектеспін.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив