№4 Хаттама » Общеобразовательная школа №203
Коммунальное
государственное учреждение
"Общеобразовательная школа №203"
Управления образования города Алматы
Приемная
+7(727) 36-06-48
Бухгалтерия
+7(727) 23-11-37
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
19
май
2022

№4 Хаттама

№ 203 Жалпы білім беретін  мектептің отырысынан 


№4 хаттамасынан көшірме

«17»  мамыр 2022 жыл


Қатысқандар:  Мектеп директоры Р.С.Дайрбаева, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Ш.Гаражаева, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.С.Ахметқалиева, Кәсіподақ төрайымы К.Н.Скакова, әлеуметтік педагог Абибуллаева М, ӘБ жетекшілері, пән мұғалімдері.                                                 



Күн тәртібінде


  1. 2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы. 



Сөз сөйлеген мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.А. Ахметқалиева: - Қазақстан Республикасының Президенті К.К.Тоқаевтың бұйрығымен Қазақстан Республикасы Конституцияның 91-бабының 1-тармағына және «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 18-бабына сәйкес 2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткiзiлсiн деп жарияланды. Енді осы референдумға байланысты өз ойларыңызды бөлісу үшін ұжымды жинап отырмыз. Сөз кезегі тарих пәнінің мұғалімі С.М.Клыч мырзаға беріледі.

Сөз сөйлеген тарих пәнінің мұғалімі С.М.Клыч: - Конституцияға түзетулер енгізуді парламент қарайды деп ойлаған едік. Бұл қолданыстағы заңнамада орныққан рәсімнің бірі. Алайда алдағы ауқымды әрі маңызды өзгерістер ел болашағына айрықша әсер етеді. Сондықтан мен Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өткізуді ұсынамын, – деді жұма күні Тоқаев Қазақстан халқы ассамблеясының сессиясында. Референдум (лат.referendum — хабарлануға тиісті нәрсе) — мемлекеттік маңызы бар мәселені халықтық дауысқа салу. Референдумға заң немесе халықаралық шарт жобасы, басқару сипатындағы мәселелер ұсынылады.1995 жылы қараша айында Қазақстанда "Республикалық референдум туралы" конституциялық заң қабылданған болатын. Содан бері Ата заңымызға төрт рет өзгеріс енгізілсе де, конституциялық түзетулерге қатысты халықтық референдум ұйымдастырылған жоқ. «Мемлекет басшысы 2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Қазіргі таңдағы Жаңа Қазақстан – әділетті Қазақстан. Президент атап өткендей, конституциялық реформалар барлығына тең мүмкіндіктер мен тең жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған. Біз мемлекеттік жүйені жетілдіреміз, қоғам мен биліктің тиімді диалогын орнатамыз. Осылайша біз Екінші Республиканы құрамыз. Конституциялық реформа барлық өзгерістерді сәтті жүзеге асыру үшін қажет. Қазіргі реформаның ерекшелігі – Президенттің өкілеттіктерін шектеу арқылы супер-президенттік басқару формасынан түпкілікті кету».
 «Ата Заңымыздың 30-дан астам бабына енгізілетін өзгерістер мен 20-дан астам қабылданатын заңдар еліміздің ауқымды саяси трансформациясына бағытталып, саяси жүйемізді түбірімен өзгертпек. Енді жаңа парадигмаға сәйкес президенттің өкілеттігі қысқарып, Парламент пен мәслихаттардың рөлі айтарлықтай күшейіп, белсенді азаматтарға саяси аренада жол ашылып, құқық қорғау саласы жүйелі түрде нығаймақ. Айтылған өзгерістерді тиімді жүзеге асыру үшін Конституциялық реформа қажет. Алдағы референдум Мемлекет басшысы айқындап берген «Екінші республиканың» – билік пен қоғам арасындағы байланыстың жаңа, тиімді және теңгерімді моделінің құқықтық негізі. Бұл өте орынды және біз жүзеге асып жатқан мемлекеттік жаңаруын толықтай қолдауға шақырамын. Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар жобасын талқылау ең алдымен жастар үшін маңызды. Бүгінгі жастар – еліміздің жаңа ұрпағы.  

           «Нұршашқан» ықшам ауданында тұратын тұрғындар, осында жұмыс істейтін мемлекеттік мекемелер, мектеп мұғалімдері, жалпы Қазақстан халқы алдағы референдумға белсене қатысады деп ойлаймын.
 
Сөз сөйлеген тарих пәнінің мұғалімі А.В.Гущин: - 29 апреля Президент Касым-Жомарт Токаев предложил провести в Казахстане референдум по проекту поправок в Конституцию.

"Мы переходим к новой государственной модели, новому формату взаимодействия государства и общества. Этот качественный переход можно назвать Второй республикой. Рабочей группой подготовлены поправки в 33 статьи основного закона, а это треть всей Конституции. Законопроект о внесении указанных изменений передан в Конституционный совет, который в скором времени вынесет свой вердикт", - заявил он.

Позже Глава государства постановил провести республиканский референдум 5 июня 2022 года.

На республиканский референдум выносится проект закона "О внесении изменений и дополнений в Конституцию Республики Казахстан" со следующей формулировкой вопроса: "Принимаете ли Вы изменения и дополнения в Конституцию Республики Казахстан, изложенные в проекте Закона Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в Конституцию Республики Казахстан", опубликованном в средствах массовой информации 6 мая 2022 года".

Близкие родственники Президента Республики Казахстан не вправе занимать должности политических государственных служащих, руководителей субъектов квазигосударственного сектора.".

11. В статье 50:

1) предложение второе пункта 2 изложить в следующей редакции:

"Десять депутатов Сената назначаются Президентом республики, пять из которых – по предложению Ассамблеи народа Казахстана.";


Шешім: Қазақстан Республикасының Президенті К.К.Тоқаевтың бұйрығымен Қазақстан Республикасы Конституцияның 91-бабының 1-тармағына және «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 18-бабына сәйкес 2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдумға барлық ұжым мүшелері қатысады деп шешім қабылданды.


Мектеп директоры:                                                          Р.С.Дайрбаева


Тарих пәнінің мұғалімі хатшы:                                      К.Н. Скакова 




















2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткiзу туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 91-бабының 1-тармағына және «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 18-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. 2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткізілсін.


  1. 2022 жылғы 6 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасында белгіленген келесідей сұрақпен: «Сіз Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қабылдайсыз ба?» «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын республикалық референдумға шығару.


  1. Осы Жарлық пен «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын 2022 жылғы 6 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялау.


  1. Республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткiзу Орталық референдум комиссиясының функцияларын жүзеге асыратын Орталық сайлау комиссиясына, сондай-ақ референдум жөнiндегi аумақтық және учаскелiк комиссиялардың функцияларын жүзеге асыратын аумақтық және учаскелiк сайлау комиссияларына жүктелсiн.


  1. Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясымен, Қазақстан Республикасының өзге де орталық мемлекеттiк органдарымен және жергiлiктi атқарушы органдарымен бiрлесе отырып, республикалық референдумды ұйымдастыру және өткiзу жөнiнде қажеттi шараларды қабылдасын.
  2. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі

Қазақстан Республикасының Президенті                   Қ.ТОҚАЕВ

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив