“Табиғат ресурстардың жіктелуі” » Общеобразовательная школа №203
Коммунальное
государственное учреждение
"Общеобразовательная школа №203"
Управления образования города Алматы
Приемная
+7(727) 36-06-48
Бухгалтерия
+7(727) 23-11-37
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
» » “Табиғат ресурстардың жіктелуі”
06
апрель
2022

“Табиғат ресурстардың жіктелуі”

06.04.2022жылы жас маман-Абибуллаева Майра 7 “А” сыныбына География пәнінен “Табиғат ресурстардың жіктелуі”  тақырыбында қызықты ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ өзінің көрнекі құралдарымен ерекше болды. Сабақтың мақсаты:
- Табиғи ресурстардың жіктелуі, негізгі кен орындары туралы біледі,оларды картадан көрсетеді.  
-Табиғи ресурстарды игерумен байланысты туындаған мәселелерді шешу бойынша топ ішінде жұмыс істей алады.
Сабақ барысында оқушылар “Мұнай” және “Көмір” топтарына бөлініп, топтасып жұмыс жасады. Картамен байланысты тапсырмаларды орындап, сабаққа белсене қатысып отырды.
Сергіту сәтінде 2 топ шеңбер құрып бір-біріне пайдалы қазбалар атауы арқылы тілек айтты. Мысалы: “Алтындай жарқырап журе беріңіздер”, “Күмістей күлімдеңіздер”, “Темірдей мықты болыңыздар”. Сабақ соңында оқушылармен “Инстаграм” әдісі арқылы кері байланыс орнатты. Сабақ ұнаған оқушылар стикер арқылы лүпіл басты, сұрақтары немесе тілектері бар оқушылар ақ параққа пікір(комментарий) жазды.😊
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив