Тамақтану сапасының ақпан айына есебі » Общеобразовательная школа №203
Коммунальное
государственное учреждение
"Общеобразовательная школа №203"
Управления образования города Алматы
Приемная
+7(727) 36-06-48
Бухгалтерия
+7(727) 23-11-37
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
29
февраль
2024

Тамақтану сапасының ақпан айына есебі

Тамақтану сапасын бақылау мониторингі бойынша есеп 2024 жыл ақпан айы /

Тамақтанудың сапасын тексеру бойынша мектеп комиссиясының айлық есебі
2023-2024 оқу жылының оқушылардың ақпан айындағы тамақтану сапасының мониторингі жөніндегі комиссияның есебі.
Барлық есепті кезең ішінде мектептегі бракераж комиссиясының мүшелері төмендегі жұмыс түрлерін атқарады:
Мектеп асханасының жұмысы;
Ас блогі қызметкерлерінің міндетті медициналық тексеруден уақытылы өтуін және гигиена ережелерін сақтауын бақылау;
Келіп түскен тамақ өнімдерінің сапасы;
  • Мектеп асханасы қызметкерлерінің азық – түлік пен дайын тағамдарды сақтау мерзімдері мен шарттарын;
  • Тоңазытқыш-технологиялық жабдықтардың жарамдылығын бақылау;
  • Тамақ өнімдерінің сапасын, олардың сапасын куаландырылатын құжаттардың болуын бақылауды жүзеге асырау;
  • Тағамдарды дайындау технологиясы мен сапасын бақылау;
  • Ас мәзірінің дайындық дәрежесін, нормаға және бекітілген ас мәзіріне сәйкестігін бақылау;
  • Дайын  тамақты органолептикалық бағалау.
Дайын тағамдардың органолептикалық бағалау нәтиежелерін «дайын өнімнің бракераж журналына» енгізуді қадағалауды жүзеге асырды. Мектеп бракераж комиссиясының тексеріс қортындысы: Асхананы жалға алушы ЖК «К. Б. Арынова» болып табылады.
Ыдыстарды, ас доммүкәммалын, үстелдерді жуу және дезинфекциялау санитарлық – гигиеналық нормаларға сәйкес күн сайын жүргізіледі. Жалға алушы барлық әкелінген өнімдердің сертификаттары мен құжаттары бар. Асхана қызметкерлері қауіпсіздік техникасы мен нормаларын сақтайды. Тамақтану кестеге сәйкес жүзеге асырылады. Бракераждық комиссия мүшелері оқушылардың тамақтануына күнделікті бақылау жүргізеді.
Есепті кезеңде жалы білім беру қоры есебінен тегін ыстық тамақпен әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан оқушы қамтылған. (Әлеуметтік педагогта қамқоршылардың, ата -аналардың растаушы құжаттары, өтініштері,қамқорлықтағы, аз қамтылған балалардың барлық оқушыларына ТЖТ актілері бар).
Бракераж комисииясы асхананы жалға алушылардың жұмысын қанағаттанарлық деп таниды.
Тексеру жүргізгендер:
  • Р. Дайрбаева – комиссия төрайымы;
Комиссия мүшелері:
  • А. Мусапирова – тәрбие ісі   жөніндегі  директордың   орынбасары;
  • Х. Баратов – Қамқоршылық    кеңестің төрағасы;
  • У. Каинбаева – ата-аналар қауымдастығы  өкілі;
  • А. Пернебекова – әлеуметтік  педагог;
  • Г. Тоймағанбетова – медбике;
  • Х. Абдрахманова – асхана   меңгерушісі;
  • К. Скакова – кәсіподақ   төрайымы. 
ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысымен және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 31.10.2018ж  №598 бұйрығымен бекітілген. Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы №ҚР ДСМ-76 бұйрығын және әлеуметтік педагогтың кезекті айлық жоспарына сәйкес 27 қараша күні бракераж комиссия мүшелерімен мектептегі тамақтануды ұйымдастыру сапасына зерделеу жұмыстары жүргізілді. Зерделеу барысында келіп түскен тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімі сертификатпен салыстырылып қаралды. Тағамдардың дайындалу технологиясы, тоңазытқыш-технологиялық жабдықтардың жарамдылығы, қоймадағы азық түліктің сақталуы, қолданылатын ыдыс-аяқтың талаптарға сәйкестігі, ас үлесінің мәзірге сәйкестігі, тәуліктің сынаманың уақытылы салынып, қол жуу, кептіргіш құралдарының жасап тұрғандығы, асхана тазалығы талапқа сай болуы зерделенді. Өрескел кемшіліктер болмады.
Алға қарай да оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар заң шеңберінде жалғасын табады.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығына қосымша «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтарды ұсыну» мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартын басшылыққа алып, аталған бұйрықтың 9 тармағында және ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысымен көрсетілген құжаттар көп балалы отбасынан шыққан балаларға, аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға, қамқорлыққа алынған балаларға жинақталды.
Асхана жайлы 2023-2024 жаңа оқу жылында тегін ыстық тамақ беруді жеке кәсіпкер К.Арынова  қолға алған болатын.  1-4 сынып   оқушыларының саны – 415; мемлекеттік атаулы көмек алуға құқығы бар отбасынан шыққан балалар, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан және жетім балалар санаты бойынша тамақтанатын оқушы саны 5-11 сыныптарда – 24. Жылдың басында бекітіп берген ас мәзірі бойынша тамақ берілді. Оқушылардың тамақ ішу кестесі асхана тақтасында ілінген. Оқушылар сол кесте бойынша тамақтануға уақытында келіп, тамақтанып жүр.
№203 жалпы білім беретін мектебі бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Орта білім алушыларды  тамақтаныруды ұйымдастыру, сондай- ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен  ата- анасының  қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы»  2018 жылғы 31 қазандағы №598 бұйрығы негізінде құрылған   тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия  құрамы  2023 жылы 27 қараша  күні мектеп асханасына мониторинг жүргізді.  Бақылау барысында:
  • Келіп түсетін тамақ өнімдерінің сапасы;
  • Отандық тауар өндірушілердің тамақ өнімдеріне СТ-KZ  сертификаттардың болу;
  • Дайындалған тағамдардың сапасы;
  • Технологиялық жабдықтардың болуы және жарамдылығы;
  • Азық түліктердің, дайын тағамдардың сақталуы және жеткізу мерзімдері мен шарттарының сақталуы;
  • Ас мәзірінің сәйкестігі.
  • Санитарлық жағдайы.
Бақылау барысында  асхана  қызметкерлерінің санитарлық  талапқа  сай  жұмыс  атқарып  отырғандығы  және азық-түлікті пайдалану мерзімінің, ас мәзірінің мәзірге сәйкестігі талапқа сай екендігі анықталды.
Оқушылардың тегін ыстық тамақпен қамтылуы туралы мәлімет.
Қазіргі заманғы мектеп оқушыларының өсуіндегі жоғары жылдамдық пен ақпараттық, психоэмоционалдық және ақыл-ой жүктемесінің күн санап артуы, әсіресе белок, витаминдер мен микроэлементтер сияқты тағамдық заттектердің жеткілікті мөлшерінің тамақ арқылы тұрақты түсіп отыруын талап етеді. Осыған байланысты мектеп оқушыларының құнарлы тамақтануы – мектеп бағдарламаларын жақсы меңгеру сапасын анықтайтын, толыққанды дене бітімі мен ақыл-ой дамуына қажетті жағдай жасайтын және өскелең ұрпақтың денсаулығының негізін қалайтын білім беру үрдісінің міндетті элементі болып табылады.
Мектебіміздің асханасы 100 орынға арналған. Оқушылардың жекелеген санаттарына байланысты мектепте тегін ыстық тамақпен қамту жақсы жолға қойылған. Асханада тамақтандыруды ұйымдастыруда ЖК «К.Арынова» жұмыс жасайды. Тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың құжаттары ҚР Білім және ғылым министрінің «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша қабылданады. Сонымен қатар тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың асханадан тамақтануы күнделікті қадағаланады. Оқушылардың тегін ыстық тамақпен қамтылуы үнемі бақылауда болады.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив