Күзгі жәрмеңке
«Күзгі асар» жәрмеңкесі жобасы аясында «Еңбегі адал – жас өрен» 🍁 Мектебімізде күздің берекесі мен молшылығын дәріптейтін күзгі жәрмеңке ұйымдастырылды. Іс-шараға оқушылар белсене қатысып, өздерінің шығармашылық қабілеттері мен ұйымшылдықтарын көрсетті. Жәрмеңке қызықты әрі көтеріңкі көңіл күйде өтіп, барша қатысушыларға ерекше әсер сыйлады. Осындай игі шаралар оқушылардың белсенділігін арттырып, бірлік пен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.