"Адал азамат-Адал еңбек-Адал табыс"
6 «Д» сыныбында «Адал азамат-адал еңбек- адал табыс» және қазақтың ұлы ағартушысы, педагог, жазушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағаты барысында оқушыларға Ыбырай Алтынсариннің өмір жолы, ұстаздық қызметі, қазақ даласында білім беру ісінің дамуына қосқан үлесі туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар «Адал азамат – адал еңбек – адал табыс» ұғымдарына түсінік беріліп, адал еңбектің адам өміріндегі орны, өз ісіне жауапкершілікпен қарау және