07
октябрь
2026
«Бала қауіпсіздігі» тренинг бағдарламасы аясында
4 «А» сыныбында өткен «Бала қауіпсіздігі» тренинг бағдарламасы аясында «Мен не дұрыс, не бұрыс екенін білемін» тақырыбында өткен іс-шара мәліметі
Мақсаты: Балаларға күнделікті өмірдегі қауіпсіз және қауіпті жағдайларды ажыратуды, өз жеке шекарасын қорғауды және қауіп төнген жағдайда сенімді ересек адамнан көмек сұрауды үйрету.
Әр адамның қауіпсіз өмір сүруге құқығы бар. Кейде қауіпті жағдай күтпеген жерден пайда болуы мүмкін. Сондықтан біз қауіптің алдын ала белгілерін байқап, дұрыс шешім қабылдай білуіміз керек.
Тренинг барысында ең алдымен «Дұрыс па, бұрыс па?» ойыны ойнатылды. Ойын барысында әр түрлі жағдаяттарға байланысты сұрақтар болды: Балалар дұрыс немесе бұрыс деген жауапты көрсету арқылы жауап беріп отырды.
Келесі кезеңде «Қауіпсіздік бағдаршамы» болды. Мұнда бағдаршамның түстеріне қарай қызыл түс-қауіпсіз, сары түс-сақ бол, қызыл түс-қауіпті деп белгіленді. Оқушылар сұрақтардың жауабына байланысты стикерлерді тиісті түске жабыстырып отырды.
«Менің шекарам» атты ситуациялық сұрақтарға жауап берді. Оқушылар «жоқ», «тоқта», «маған бұл ұнамайды», «мен бұны қаламаймын», «маған көмек керек» деген жауаптардың біреуін таңдап отырды.
«Интернеттегі қауіпсіздік» бөлімінде интернетте таныс емес адамдарға ақпаратты бермеу керектігі айтылды. «Әлеуметтік желіде бір адам сенімен танысып, жасыңды, мектебіңді және мекенжайыңды сұрады. Не істейсің?»
Қауіпсіз әрекет: Жауап берме → Бұғатта → Дәлелді сақта → Сенімді ересекке айт.
Қорытынды: Балалармен бірге бес ережені қайталау.
Мен білемін:
1. Қауіпті жағдайды ажыратуға тырысамын.2. Маған ұнамайтын нәрсеге «ЖОҚ!» деп айта аламын.3. Өз шекарамды қорғауға құқығым бар.4. Жеке ақпараттарымды қорғаймын.5. Қауіп төнсе, сенімді ересек адамнан көмек сұраймын.