21 сентябрь 2026 0 1 2 3 4 5 «Almaty ART vision» сурет байқауының қорытындысы «Almaty ART vision» сурет байқауының қорытындысы Өткен аптада (15.09 – 18.09) мектебімізде Қала күніне орай 5–9 сынып оқушылары арасында «Almaty ART vision» тақырыбында шығармашылық сурет байқауы өтті! ✨ Байқаудың басты мақсаты — сүйікті қаламыз Алматының сұлулығын, ерекше атмосферасы мен әсем табиғатын жас суретшілердің көзімен көрсету және олардың шығармашылық әлеуетін ашу. 🖼️ Оқушыларымыз өз еңбектерінде туған қалаға деген сүйіспеншіліктерін, оның тарихи орындары мен заманауи келбетін жарқын бояулармен шебер бейнелей білді. Әрбір жұмыс ерекше ықыласпен және жоғары талғаммен орындалған! 🏆 Әділқазылар алқасының шешімімен ең үздік, идеясы терең жұмыстар анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды. Барлық қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс айтамыз! Шығармашылық шабыт пен жаңа жеңістер тілейміз! 👏🎉 1 орын -9 «Г» 2 орын-5 «В»,2 «Д» 3 орын -8 «А»,9 «В», 5 «Ә» Қалған сыныптар әртүрлі номинациямен марапатталды. 🎨 Итоги конкурса рисунков «Almaty ART vision» На прошлой неделе (15.09 – 18.09) в нашей школе среди учащихся 5–9 классов прошёл творческий конкурс рисунков «Almaty ART vision», приуроченный ко Дню города! ✨ 1 место -9 «Г» 2 место-5 «В»,2 «Д» 3 место -8 «А»,9 «В», 5 «Ә» Остальные классы получили номинаций в различных категориях.