"Сенімді дос" » "№203 жалпы білім беретін мектеп" КММ
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№203 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 36-06-48
Есепші бөлімі:
+7(727) 23-11-37
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
сентябрь
2026

"Сенімді дос"

​21.09.2026 жылы 203 жалпы білім беретін мектепте «Сенімді дос» профилактикалық бағдарламасы аясында педагогтердің психологиялық сауаттылығын арттыру, оқушылардың эмоционалдық жағдайындағы өзгерістерді дер кезінде байқау және оларға қажетті қолдау көрсету дағдыларын қалыптастыру мақсатында түсіндіру-тәжірибелік іс-шара өткізілді. Іс-шараға мектептің педагогтері қатысты. Шара барысында «Сенімді дос» бағдарламасының мақсаты мен негізгі бағыттары таныстырылып, білім алушылардың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі педагогтің рөлі талқыланды. Педагогтерге оқушылардың мінез-құлқындағы және эмоционалдық жағдайындағы алаңдататын өзгерістерді байқау, балаға сенімді қарым-қатынас орнату, оны тыңдай білу, қиын жағдайда қолдау көрсету және қажет болған жағдайда мектеп психологына немесе тиісті мамандарға бағыттау жолдары түсіндірілді.​​​
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив