25
сентябрь
2026
Мектеп парламент президенттік сайлауының қорытындысы
МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІН САЙЛАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ Мектеп парламентінің президентін сайлау аяқталды. Дауыс беруге барлығы 956 адам қатысты. Дауыс беру қорытындысы бойынша кандидаттар төмендегідей дауыс жинады: Шериязданов Атиллахан — 480 дауыс; Садықова Аиша — 318 дауыс; Букунова Дильназ — 80 дауыс; Амангелдіқызы Жанайым — 78 дауыс. Сайлау нәтижесінде ең көп дауыс жинаған Шериязданов Атиллахан мектеп парламентінің президенті болып сайланды. Барлық кандидаттарға және дауыс беруге қатысушыларға белсенділік танытқандары үшін алғыс білдіреміз. Жаңадан сайланған мектеп парламентінің президентін жеңісімен құттықтап, алдағы қызметіне табыс тілейміз!