30 сентябрь 2026 0 1 2 3 4 5 "Кітап оқитын Ұлт"республикалық марафоны аясында тағылымды кездесу өтті Бүгін жас оқырмандар үшін ерекше рухани әрі шығармашылық кеш ұйымдастырылып, қазақ әдебиетінің жас буын өкілдерімен еркін форматта кездесу өтті. Кездесуге ақын-жазушылар: ✨ Мұсабаев Мейіржан Бахытжарұлы ✨ Әділет Ахметұлы ✨ Әлібек Байбол қатысты. Кездесу барысында қонақтар шығармашылық жолы, әдебиетке келуі, кітап оқудың маңызы мен қазіргі қазақ әдебиеті жайлы ойларымен бөлісті. Жастар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, ақын-жазушылармен еркін пікір алмасты. 📖 Мұндай кездесулер — жас ұрпақтың кітапқа, әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, рухани дүниесін байытуға үлкен мүмкіндік. Кітап оқыған ұлт — ойы озық, рухы биік ұлт!