02
октябрь
2026
Дублер күні
"Алматы қаласы Білім басқармасының "АЛМАТЫ ДАРЫНЫ" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы" КМҚ кәсіпорны 17.09.2026 жылғы №15-11.2-38/483 хаты негізінде мектебімізде "Дублёр күні" өтті. Оған мектеп Парламенті және Өзін - өзі басқару ұйымы толық қатысты. Жоғары сынып оқушылары өздерін бірнеше сағатқа мұғалім роліне еніп, мектептің ішкі жұмысымен танысты. Дублёр күнінің соңы мұғалімдерге арналған концертке ұласты.





