02 октябрь 2026 0 1 2 3 4 5 Ұстаздар күніне арналған мерекелік концерт Ұстаздар күніне арналған мерекелік құттықтау Мектебімізде ұлағатты ұстаздарға арналған Мұғалімдер күні ерекше көңіл-күймен аталып өтті. 🌷 Ұстаздарымызға арнап жылы лебіздер айтылып, мерекелік әндер шырқалып, әсем билер мен шығармашылық қойылымдар ұсынылды. Ұстаз – білімнің шамшырағы, шәкірт жүрегіне жол көрсететін асыл тұлға. Осы айтулы күні барша ұстаздарымызға еңбектері үшін алғыс айтып, зор денсаулық, отбасыларына амандық, шығармашылық табыс және шәкірттерінің биік жетістіктерін тілейміз! Мерекелеріңіз құтты болсын, аяулы ұстаздар! 💐 Еңбектеріңіз әрдайым бағаланып, абыройларыңыз асқақтай берсін!