Халықаралық әйелдер күні / Международный женский день
Мектебімізде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Бұл кеш көктемнің ең әсем мерекесіне арналып, қыздар мен ұстаздарға ерекше көңіл күй сыйлады. Іс-шара барысында оқушылар әсем ән айтып, би билеп, аруларға деген ізгі тілектерін жеткізді. Мектебіміздің жігіттері қыздар қауымын құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Мерекелік бағдарлама барысында аналар мен ұстаздардың еңбегі мен мейірімі туралы жүрекке жылы сөздер айтылды. Кеш өте әсерлі әрі көңілді өтті.