VIII Халықаралық «Дала әуені» атты балалар мен жасөспірімдер
VIII Халықаралық «Дала әуені» атты балалар мен жасөспірімдер арасындағы шығармашылық байқау-фестиваліне мектебіміздің дарынды оқушылары қатысып, бірнеше жүлделі орындарға ие болды. Жас өнерпаздарымыз өз таланттарын жоғары деңгейде көрсетіп, көрермендер мен қазылар алқасының ыстық ықыласына бөленді. Байқау қорытындысы бойынша 6 «А» сынып оқушысы Сенбек Самат пен 2 «Г» сынып оқушысы Сингаевская Алиса Бас жүлдені жеңіп алды. Сонымен қатар, «Шаттық әуені» дыбыстық оркестрі I жүлделі орын иеленді.