Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері «Мұғалімнің біліктілігін дамыту. Сабақты зерттеу» тақырыбында шеберлік курсын ұйымдастырды.
Бүгін мектебіміздің мұғалімдеріне арнайы Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері «Мұғалімнің біліктілігін дамыту. Сабақты зерттеу» тақырыбында шеберлік курсын ұйымдастырды. Курстың мақсаты – мұғалімдердің функционалдық сауаттылығын және шығармашылық ойлауын дамыту әдістеріне негізделген оқу сабақтарын құрастыру бойынша мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыру. Алғы сөзді мектебіміздің директоры Р. С. Дайрбаева бастап қонақтарға мектебіміздің тарихы мен ұжымын таныстырып өтті. Қонақтардан Назарбаев Зияткерлік мектебінің биология пәні мұғалімі Р.Н. Бугуева сәлемдесу сөз кезегін алып, НЗМ туралы таныстыру жасады. Әрі қарай мұғалімдер қазақ және орыс тілді аудиторияға бөлініп, келесі тақырыптардағы баяндамаларды тыңдады:
1) Кульбаев А.К. «Мұғалімнің кәсіби даму мақсатын таңдау әдістері».
2) Асанова О.Н. «Lesson Study зерттеу сабақтарын тиімді жоспарлау және өткізу».
3) Айдаркулова Р.С. «Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында сабақты дұрыс жоспарлау» .
4) Бугуева Р.Н. «Тиімді кері байланыс беру, сабақ беруді жетілдірудің бірегей жолы».
5) Есембердиев К.Х. «"Дене шынықтыру"пәні бойынша оқу бағдарламасын оқытудың ерекшеліктері».
6) Ахметкулова Б.Н., Аманкулова Ш.М. «Action research - оқу мен оқытудың тәжірибесін жетілдіру».
Баяндамалар ең өзекті тақырыптарды қамтыды. Ұстаздарымыз көкейінде жүрген :
- Мұғалімнің кәсіби дамуының мақсатын қалай дұрыс тұжырымдауға болады?
- Сабақты дұрыс жоспарлау арқылы оқушыларды оқуға қалай ынталандыруға болады?
- Тиімді кері байланысты қамтамасыз ету үшін қандай тәсілдер бар?
- Lesson study және Action Research зерттеуін қалай тиімді жүргізуге болады?
- Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыту үшін қандай әдістерді қолдануға болады?
- STEM дегеніміз не және оны сабағымызға қалай енгізу керек? – сынды
сауалдарына жауап алды. Ашық пікір алмасу нәтижесінде ұстаздар қоржыны сапалы тәжірибеге толықты. Демалыс тезірек аяқталып, ұстаздарымыз бүгінгі білгенін шәкірттеріне қолдануға, бөлісуге асық.





