13
март
2026
Аудандық Бұрымды ару – 2026 / Районный конкурс Бұрымды ару – 2026
Мектебімізде ерекше сән-салтанатқа толы, ұлттық құндылықтарды дәріптеген “Аудандық Бұрымды ару – 2026” сұлулық пен дәстүр байқауы жоғары деңгейде өтті 🌸
Бұл байқау – тек сұлулық жарысы ғана емес, қазақ қызына тән инабаттылықтың, тәрбиенің, өнер мен парасаттың жарқын көрінісі болды. Қатысушы арулар өздерінің әсемдігімен қатар, өнерлерін паш етіп, ұлттық киімдерді насихаттап, салт-дәстүрге деген құрметтерін көрсете білді.
Көрермендерге ерекше әсер сыйлаған бұл кеште әрбір арудың бойынан нәзіктік пен қайсарлық, әдеп пен білімнің үйлесімі анық байқалды. Осындай тағылымы мол шаралар жас ұрпақтың бойына ұлттық рух пен мәдениетті сіңіріп, болашаққа сенімді қадам жасауға жол ашады 💫
Бұл байқаудың авторы – Карымсакова Жанат Кабденовна.
Мектебіміздің атынан қатысқан 8-сынып оқушысы Нұран Шарапат өз таланты мен көркі, тәрбиесі мен өнері арқылы ерекшеленіп, жүлделі ІІ орынды иеленді 🏆
Жетекшісі: Қадырбаева Гүлмира Сәкенқызы
Жас аруымыздың бұл жетістігі – тынымсыз еңбектің, ізденістің және білікті жетекшіліктің нәтижесі. Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жеңістерің көп болсын!
“Бұрымды ару – 2026” байқауы барша қатысушылар мен көрермендердің жүрегінде әдемі естелік болып қалары сөзсіз 🤍