«Өз жұлдызыңды жақ» қалалық Жас педагогтер байқауы
🏆ГРАН-ПРИ! ✨«Өз жұлдызыңды жақ» қалалық Жас педагогтер байқауының аудандық кезеңінде мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Князбай Анелья жоғары кәсібилік, шығармашылық ізденіс пен педагогикалық шеберлігін паш етіп, Бас жүлдені иеленді! Жас мамандар бәйгесінде оза шауып, өзінің жарқын жұлдызын жаққан Анелья Әуэлқызын шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жеңіс – еңбек пен жанкештіліктің, ұстаздық жолға деген адалдықтың жарқын жемісі. Жұлдызың әрдайым жарқырай берсін!👏🏻👏🏻👏🏻 🏆ГРАН-ПРИ!