Тамақтану сапасын бақылау мониторингі бойынша есеп 2024 жыл қыркүйек айына есеп » №203 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№203 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 36-06-48
Есепші бөлімі:
+7(727) 23-11-37
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Тамақтану сапасын бақылау мониторингі бойынша есеп 2024 жыл қыркүйек айына есеп
30
сентябрь
2024

Тамақтану сапасын бақылау мониторингі бойынша есеп 2024 жыл қыркүйек айына есеп

Тамақтану   сапасын  бақылау  мониторингі   бойынша қыркүйек айына  есеп

2024 жыл   


Балаларға ыстық тамақ беруді  ұйымдастыру   туралы   «№203 ЖББМ» КММ  мен  ЖК АРЫНОВА А.К конкурстың қорытындылары   туралы жасалған  хаттама  негізінде қызмет көрсету  туралы Шарт жасалған  еді (ұзарту). Асхананы жалға  алушы – ЖК АРЫНОВА А.К.

            Барлық  асхана  жұмыскерлерінің  талапқа сай    медициналық  кітапшалары  бар.

Ыстық  тағаммен   тамақтанатын  оқушы  саны:

  • 1-4 сынып   оқушыларының саны – 424;
  • мемлекеттік атаулы көмек   алуға құқығы  бар  отбасынан   шыққан  балалар, жан  басына шаққандағы орташа табысы ең   төменгі күнкөріс  деңгейінен   төмен  мемлекеттік  атаулы   әлеуметтік  көмек  алмайтын   отбасылардан шыққан  және  жетім   балалар  санаты бойынша тамақтанатын  оқушы  саны – 25;

Оқушылардың  тамақтануына  байланысты   2024-2025 оқу жылына арналған  «№203 ЖББМ» КММ  актілері  жасалынды.

Тамақтану сапасына мониторинг  жүргізу  жөніндегі   комиссия төмендегідей  құрамда  құрылды:

  • Комиссия  төрайымы – Р.Дайрбаева

Комиссия мүшелері:

  • А. Мұралқан – тәрбие ісі   жөніндегі  директордың  орынбасары;
  • Х. Баратов – Қамқоршылық   кеңестің төрағасы;
  • У.Каинбаева – ата-аналар қауымдастығы  өкілі;
  • А.Бакберген – әлеуметтік  педагог;
  • С.Алтынбекова– медбике;
  • Х.Абдрахманова – асхана   меңгерушісі;
  • К.Скакова – кәсіподақ   төрайымы. 

Бракераж  комиссиясының   жұмыс  тәртібі  «№203 ЖББМ» КММ бракераж комиссиясы  туралы» Ережемен  бекітілді. Бракераждық  комиссияның   жұмыс  алгоритмі  де   комиссия  мүшелерімен  таныстырылды. 2024-2025 оқу жылына арналған  Бракераж  комиссиясының   жұмыс  жоспары  мен   «2024-2025 оқу  жылында балалардың  тамақтануын  ұйымдастыруды бақылау жоспар - кестесі» де  құрылды.   

Тамақтану  кестесі   де  құрылып,  тамақтану   залында  мұғалімдердің  кезекшілігі де  ұйымдастырылды.  

Асханаға кіре  берісте   қол  жуатын  орын,   сабын,  қол  кептіргіш және  қағаз   сүлгілер салынатын  құрылғы  да орнатылған. Асхана  эстетикалық   талғаммен  безендірілген.  Тамақ   ішетін  орында    дұрыс   тамақтануды дәріптейтін қанатты сөздер   жазылған. 

202жылдың  қыркүйек айында арнайы  комиссияның   жоспарына сәйкес  4 рет  тексеру   жүргізілді. 













 Асхана   құрал-жабдықтары маркерленген.   Асханада су ішу режимі  сақталған. Асханадағы арнайы  тақтада  Алматы қаласы Білім басқармасы  басшысы бекіткен  перспективті   және  мектеп  директоры   бекітікен күнделікті  ас мәзірі  екі  тілде ілінген.  

Өнімдерді  жеткізу   шарттары  бойынша асхана меңгерушісі  Х.Абдрахманова  өнімдердің   спасы  мен  қауіпсіздігін растайтын  құжаттар    негізінде  қабылдайды. Сақтау  мерзімі өтіп кеткен  өнімдер   сақталмаған.  Шикі  өнімдер   дайын тағамдармен  тұрып  қалған   сәттер  1 рет  болды,   ескерту  жасалынған  соң келесі   тексерулерде  ол  кемшілік      орын  алмады.  Тамақтану   нормалары  сақталған.  Нақты күнделікті  мәзір   үлгілік  мәзірге сай  болды.   Дайын  тағам салмағы ас мәзірінде көрсетілген  салмақпен  тең болды.   

Тәуліктік сынамалар  тәртіпті   қатаң сақтай  отырып алынды.  Оларды сақтау   температурасы  да  талапқа сай   болды.  Тамақтану режимі  кестеге сай   жүргізілді. 

Ас  блогын   ұстауға  байланысты  таза ыдыстар   дұрыс  сақталынады.  Ас   блогы  жұмыскерлерінің жеке заттары  меен  аяқ киімдері   арнайы  шкафтарда сақталынады. Санитариялық  киімдер бөлек  сақталынады. Шеті сынған,  кетігі   бар  ыдыс-аяқтар  дер кезінде ауыстырылды.  Желдету   жүйесі  жұмыс істейді.  Тағам қалдықтары  талаптарға сай  сақталады.   Ыдыс-аяқтар  мен  керек-жарақ    таңбаланған.  

Тамақтандыру  сапасын   бақылауға  байланысты бракераж журналдарында өнімдерді  жеткізу уақыты мен  өнімнің  сапасы   мен  қауіпсіздігін растайтын  құжаттар   туралы мәліметтер  көрсетілген. Бракераж журналында комиссия мүшелерінің   қолдары  тұтас  қойылған. 

 Тамақтандыру   сапасын  бақылау  бойынша есептік  құжаттар   тізімі  бекітілген.

 Жұмыскерлерге арналған  тамақтандыру   сапасын  бақылау  бойынша іс-шаралар  көрсетілген   жаднама  бар. 

   Ас  блогы жұмыскерлерін гигиеналық  оқытуды   үнемі мектеп  медбикесі  С.Алтынбекова   жүргізіп отырды.  

2024-2025  оқу   жылына  арналған «Дұрыс  тамақтанудың   алдын  алу» іс-шараларының  жоспары   әзірленіп,  бекітілген. Сол жоспарға сәйкес іс-шаралар жүргізілуде. 

Мектеп сайты http://203.alschool.kz/ мен  әлеуметтік  almatyschool203 https://instagram.com/almatyschool203?igshid=NjIwNzIyMDk2Mg==https://www.facebook.com/profile.php?id=100079953011692 желілерге  жүйелі  түрде    күнделікті  ас  мәзірінің    суреттері, оқушылардың  тамақтану сәттерінен  эпизодтар жүктеліп,  ата-аналар қауымдастығының,  жалпы   қызығушылық  танытқан  басқа да   азаматтардың  назарына  ұсынылады.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив