АШЫҚ САБАҚ / ОТКРЫТЫЙ УРОК
🎨Ашық сабақ: “Бұл кісі – суретші” 3 “В” сыныбында қазақ тілі пәнінен ерекше ашық сабақ өтті! Оқушылар шығармашылық әлеміне еніп, суретшілердің еңбегімен танысты. Сабақ барысында балалар жаңа сөздерді меңгеріп, қызықты тапсырмалар орындады. Олар өздерінің сүйікті суретшілерін таныстырып, өнердің маңыздылығын түсінді. Оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығы жоғары деңгейде болды! Осындай сабақтар балалардың тілдік дағдыларын дамытып қана қоймай, олардың шығармашылық қабілеттерін де арттырады.