Соңғы қоңырау! » Общеобразовательная школа №203
Коммунальное
государственное учреждение
"Общеобразовательная школа №203"
Управления образования города Алматы
Приемная
+7(727) 36-06-48
Бухгалтерия
+7(727) 23-11-37
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
25
май
2022

Соңғы қоңырау!

Соңғы қоңырау!
 Мектептің ең қызықты , ең бір тамаша сәті , оқу жылының соңында болатын ол, әрине, ​"25 - Мамыр"​​​. Бұл күнде оқушылар да ұстаздар да ерекше бір жүрек жарды сәтте болады. Бүгін міне мыңдаған оқушы әскери бұйрықпен сап түзеп , мектеп ауласында еліміздің көк байрағын көкке көтеріп, гимн ойналып , мектеп бітіруші түлектерге арналған салтанатты жиналыс - деп қарап , күтіп тұр. Ата - аналарда бар. Мектеп әкімшілігі мен ұстаздар , сынып жетекшілер өз сыныбындағы оқушыларына тәртіпті бұзбай, тыныштық сақтау үшін сапта тұр. Екі жүргізуші де бар ықыласпен салтанатты жиналыстың ашылуын жариялады. Ортада ауыл ақсақалы мен қатар аудандық оқу бөлімінен және жергілікті атқарушы ішкі істер органның бөлімен құрметті өкілдер қонақ болып төрге жайғасып, оқушылар қызығын тамашалап  отыр. Үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсетіп мектебіміздің алғашқы түлектерін үлкен өмір жолына сәт - сапар тілеп шығарып салуда. Жыл бойы тәлім - тәрбие беріп, білім нәрімен сусындатып жүрген ұстаздардың жанарынан қуаныш пен қуаныштың жасын да байқап қалып отырасың. 
  Мектеп директоры Р.С. Дайрбаева екі тілде,  қуанышты түрде, жүрек жарды тілегін, жалпы жиналыста, сапта тұрған жандарға білдірді. Әсем де, әуезді әндер мен өлеңдер оқылып, моряк  биін билеген бастауыш сынып оқушылары да үн қосып, жиынды үлкен тойға айналдырып жіберді. Салтанатты жиын бейне бір дүбірлі тойға ұласып шаттық шеңберіне кіргендей. Мектеп ауласы адамдар жан дүниесімен әсерлі көмкеріліп, әр пенденің жүрегінен шыққан жалынды оттан сан - алуан түрге боялғандай. 
  Мектеп директоры мен оқу бөлімінің меңгерушісі озаты оқушыларды
 "Мақтау қағаздарымен" марапаттап, бүлдіршіндерге алдағы уақытта білімді де тәрбиелі болып өсуіне ақ тілектерін жудырып, сәттілік тіледі!!!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив