12
ноябрь
2022
Тұмау мен ЖРВИ-дің алдын алу бойынша ата-аналарға арналған жаднама
Тұмау мен ЖРВИ-дің
алдын алу бойынша
ата-аналарға арналған жаднама
Құрметті ата-аналар!
Балаңыздың денсаулығы – біздің ортақ мүддеміз, сондықтан суық түспес бұрын сіздерге балаларыңызды тұмау секілді қауіпті аурудан қорғау жолын қарастыруды ұсынамыз. Бұл жедел инфекциялық ауру ауыр өтеді, асқынулар да жиі туындайды. Асқынулар тұмау инфекциясының нәтижесі ретінде, сондай-ақ бактериялық инфекция қосылғанда немесе науқас бұрын зардап шекке созылмалы ауруы өршігенде туындауы мүмкін. Мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалар арасында тұмаумен көп сырқаттанушылық байқалады, сондай-ақ олар осы инфекцияны таратушыларға жатады.
Тұмаудың алдын алудың аса тиімді шарасына вакциналық профилактика жатады, яғни тұмауға қарсы вакциналардың көмегімен қорғау.
Жұқтырудан қалай қорғануға болады?
* Балаларға жиі 20 секунд бойы қолын сабындап жууды үйретіңіз. Ата-аналар да осы процедураны орындауға тиіс, бұл балаларға жақсы үлгі болады.
* Балаларға майлыққа немесе қолын жауып жөтелуді және түшкіруді үйретіңіз. Ата-аналар да осы процедураны орындауға тиіс, бұл балаларға жақсы үлгі болады.
* Балаларға науқастарға бір жарым-екі метрден қатты жақындамауды үйретіңіз.
* Науқас балалар үйде қалуы (мектепке дейінгі ұйымға, мектепке бармауы), сондай-ақ жағдайы жақсарғанша басқа адамдардан алшақ болуы тиіс.
* Дүкен аралаудан, кинотеатрларға немесе адам көп жиналарын басқа орындарға бармауға тырысыңыз.
Егер бала ауырып қалса, не істейміз?
* Балаға медициналық көмек қажет жағдайдан басқа кезде сырқат баланы үйде қалдырыңыз. Оны мектепке немесе мектепке дейінгі ұйымға жібермеңіз.
* Балаға көп сұйықтық (шырын, су және т. б.) беріңіз.
* Балаға жайлы жағдай жасаңыз. Тыныштық аса маңызды.
* Егер баланың дене қызуы көтерілсе, тамағы ауырса және денесінде ауырсыну белгілері болса, сіз оған дәрігер науқастың жасын ескере отырып тағайындаған ыстық түсіретін дәріні бере аласыз.
* Егер үйіңізде біреу ауырып қалса, оның сау адамдармен және әсіресе балалармен байланысуына жол бермеңіз.
Егер балаңыз тұмаумен ауырған адаммен байланысса, тұмаумен аурудың алдын алу үшін дәрігерден вирусқа қарсы дәрі қабылдау қажеттілігі туралы сұраңыз.