Материалы за 12.02.2026 » "№203 жалпы білім беретін мектеп" КММ
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№203 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 36-06-48
Есепші бөлімі:
+7(727) 23-11-37
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за 12.02.2026
Экскурсия / Экскурсия
12
февраль
2026
Экскурсия / Экскурсия
Кеңес әскерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 37 жыл толуына орай 2026 жылғы 12 ақпанда Алматы қаласы Түрксіб ауданындағы Десанттық-шабуылдаушы бригадасының №61993 әскери бөлімінде тағылымды да әсерлі экскурсия ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға №203 мектептің 25 оқушысы қатысып, әскери өмірдің қыр-сырымен жақыннан танысу мүмкіндігіне ие болды. Оқушылар әскери бөлімнің тыныс-тіршілігін көріп, сарбаздардың күнделікті қызметі мен тәртіпке негізделген өмір салтын өз көздерімен тамашалады.
Рухани жоба / Духовный проект
12
февраль
2026
Рухани жоба / Духовный проект
Мектебімізде қазақ поэзиясының мұзбалағы, лирик ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай «Мұқағали өлеңдерінен бір шумақ» атты ерекше рухани жоба ұйымдастырылды. Бұл ақынның  мұрасын дәріптеу, жас ұрпақтың жүрегіне поэзияға деген сүйіспеншілік ұялату мақсатында өткізілді. Оқушылар Мұқағали жырларынан өздеріне жақын бір шумақты мәнерлеп оқып, ақынның сезімге толы, жүрек тербетер өлеңдерін қайта жаңғыртты. Әрбір шумақтан сағыныш та, махаббат та, туған жерге деген шексіз құрмет те айқын