Көрісу күні / День встречи
Көрісу күні – халқымыздың ежелден келе жатқан ең ізгі дәстүрлерінің бірі. Бұл күн – сағыныштың сейіліп, ағайын-туыс, дос-жаран бір-бірімен қауышып, амандық-саулық сұрасатын ерекше сәт. Қыстан аман шыққан ел бір-біріне ақ тілегін арнап, жүрек жылуын бөліседі. Бұл күні үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіліп, адамдар бір-бірімен құшақ жая қауышады. «Бір жасыңмен!» деп тілек айту – тек сөз емес, бұл – шынайы қамқорлық пен жақсылықтың белгісі. Көрісу күні адамдар арасындағы ренішті ұмыттырып,