Ұлы Жеңістің 81 жылдығы / 81-летия Великой Победы
Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағы аумағындағы Даңқ мемориалының Мәңгілік алауында Құрмет қарауыл взводы сап түзеді. Мәңгілік алаудың жалыны – ерліктің өшпес символы болса, сол алау алдында тік тұрған жас ұрпақ – ел болашағының айқын көрінісі. Бұл сәт оқушылардың жүрегіне терең із қалдырып, олардың бойында Отанға деген шексіз сүйіспеншілік пен құрмет сезімін оятты. Осындай тағылымы терең шаралар – тарихқа тағзым, ерлікке құрмет, ал жас ұрпақ үшін нағыз рух пен