«Арманға жол бүгіннен басталады» атты пікірталас
Халықаралық кітап күні аясында мектебімізде тағылымы мол, рухани құндылықтарға бай ерекше кездесу өтті. «Арманға жол бүгіннен басталады» атты пікірталас форматындағы бұл кеш оқушыларға үлкен әсер сыйлап, олардың кітапқа деген қызығушылығын арттырумен қатар, болашаққа деген сенімдерін нығайта түсті. Кездесудің құрметті қонағы – жас жазушы, публицист, жастарға бағыт-бағдар беріп жүрген, көптеген әдеби шығармалардың авторы Досхан Жылқыбай болды. Ашық сұхбат барысында қаламгер өз өмір жолынан сыр