Жас мамандарға арналған "Сабақта пайдаланатын әдіс-тәсілдер" атты қалалық семинар өтті. » №203 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№203 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 36-06-48
Есепші бөлімі:
+7(727) 23-11-37
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жас мамандарға арналған "Сабақта пайдаланатын әдіс-тәсілдер" атты қалалық семинар өтті.
07
январь
2023

Жас мамандарға арналған "Сабақта пайдаланатын әдіс-тәсілдер" атты қалалық семинар өтті.

       06.01.2023 жылы  Алматы қаласы   Түрксіб ауданы "№203 ЖББМ" КММ базасында жас мамандарға арналған "Сабақта пайдаланатын әдіс-тәсілдер"  атты қалалық семинар өтті. 

Семинарға қала бойынша 46 мектептен 60-қа жуық жас маман қатысты.  

Семинарды мектеп директоры Р.Дайрбаева   құттықтау сөзбен ашса,  әрі қарай Алматы қаласы Білім басқармасының "Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы"  КММ оқу ісі жөніндегі бөлімінің жетекшісі С.Айтбек   жас мамандарды семинардың мақсатымен  таныстырып өтті. Алматы қаласы Білім басқармасының "Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы" КММ әдіскер маманы Ж.Кирбаева семинарға қатысушы жас мамандарға жақсы тілек айтты. №142 жалпы білім беретін мектеп  директорының оқу ісі  жөніндегі  орынбасары, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, Ы.Алтынсарин төс белгісінің иегері, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог- зерттеуші, семинарды ұйымдастырушы Ж.Карымсакова  жас мамандарға арнап алғысөз сөйледі. 

Семинардың ашылуынан   соң қазақ және орыс тілді топтар   аудиторияларға бөлініп, тәжірибелі және шебер ұстаздардан тағылымдама  алды. Жас маманға жол сілтеп,  көмек көрсеткен ұстаздар: «№107 лицей» КММ- нің  оқу  ісі   жөніндегі  директордың  орынбасары Г.Жапбасбаева «Олқылықтардың  алдын алу   және  оны  жою   жолдары», «Kemel» қалалық физика-математика бағытындағы  жекеменшік мектептің   бастауыш   сынып  мұғалімі, "Үздік ұстаз-2020" байқауының  жеңімпазы Г.Сейсенбаева "Оқу сауаттылығын дамытудағы тиімді тәсілдер", Ғ.Сүлейменов "Сабақ барысында ақпараттық платформаларды пайдалану», С.Базарбаева "Развитие информационной компетентности посредством развития читательский грамотности", М.Мусина "Применение групповой формы работы с целью формирования навыков самостоятельной работы обучающихся" тақырыптарында шеберлік сабағын өткізді.Солардың   қатарында біздің бастауыш сынып мұғалімдері Ф.Кушбаева,  С.Маметова     және биология пәнінің мұғалімі Г.Валиева болды. 

Семинар соңында "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында ұйымдастырылған 3 «Б» бастауыш сынып оқушыларының "Қызыл телпек" ертегісі бойынша сахналанған көріністі көріп, бүгінгі семинар туралы кері байланыс берді. 

Жас мамандар кері байланыс кезінде семинардан шабыттанып, мамандығына деген сүйіспеншіліктері тіптен артып, уақыттың пайдалы және ұтымды өткеніне қуанышты екендерін айтты. Жас мамандарға сәттілік тілей отырып, ұлағатты ұстаз болуларына тілектеспіз!


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив