Ата-аналар жиналысы
Ата-аналар жиналысы
Сынып жетекшісі: Амангелдіқызы Ажар
Сынып: 4 «А»
Тақырыбы: “Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі”
Мақсаты: Әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру. Баланың мейірімді сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата - аналармен бірлесе қарастыру Ата - аналармен бірлесіп отбасылық тәрбиенің негізгі ережелерін талқылау, бала тәрбиесінде ата - аналардың рөлін көрсету балалармен ортақ тіл табысуға үйрету.
Әдістері: «Анашыма тілек»(плакат) керібайланыс, топтық жұмыс, пікір алмасу, сұрақ-жауап, сауалнама, психологиялық жаттығулар.
Көрнекілік: «Анашыма тілек»(плакат), бәйтерек ағаш суреті, нақыл сөздер, слайд, карточкалар.
Бүгінгі ата-аналар жиналысында қозғалған тақырыптар:
- Қоғамда баланың өсіп жетілуіне, денсаулығына қамқорлық жасау, нығайту, бекіту. Тазалық дағдыларын қалыптастыру.
- Еңбексүйгіштікке, еңбекті қажетсінуге баулу, баланың күнделікті өмірін мәнді ұйымдастыру, тұрмыстағы, үй шаруашылығындағы еңбекке құлшынысын арттыру өзіне – өзі қызымет ету дағдыларына үйрету.
- Отбасы мүшелерінің өзара дұрыс қарым – қатынасын, тіл табысып түсінісуін, бірін – бірі тыңдап, ата – ананы, туған туыстарын, жасы үлкендерді сыйлап, құрмет тұтуға үйрету.
- Оқудың, білім алудың, мәдени мінез – құлықтың әдет дағдыларын қалыптастыру.
- Отбасында баланың икемділігі мен қабілетін байқап кәсіптік жағынан бағдарлау.
- Әдебиетке, өнерге, мәдениетке, ғылымға құштарлығын тәрбиелеу, уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру.
- Баланың ақылына, күйіне, біліміне сай берілген тапсырманы талапты орындауға дайын болуға үйрету. Бақылау, тексеру, бағалау.
- Тәртіптілікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке, ойшылдыққа, сергектікке, естілікке т.б. баулу.




