Асылы Осман Әлиқызымен кездесу » №203 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№203 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 36-06-48
Есепші бөлімі:
+7(727) 23-11-37
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Асылы Осман Әлиқызымен кездесу
24
сентябрь
2022

Асылы Осман Әлиқызымен кездесу

Кеше мектебімізде "Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте!"  атты кездесу кеші болып өтті.  Кеш қонағы қазақстандық ғалым, Филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат орденінің» және "Тіл жанашыры" құрмет белгісінің иегері Асылы Осман Әлиқызы.  Кеш барысында қонағымыз өзінің қиындыққа толы бала күнгі естелігімен бөлісіп, оқушыларға мемлекеттік тіл мен ана тілімізді құрметтеуге шақырды. Ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым-қатынастың ізгі жолын көрсетіп, адамдар арасындағы сыйластық пен ұлттық бірлікте болуды үндеді. Кеш барысында мектебіміздің өнерлі оқушылары күй тартып,ән айтып,  би билеп өз өнерлерін баршаға паш етті. Оқушылар құрметті қонағымызға көкейіндегі сұрақтарын қойып, ашық-жарқын жүздесу болды. Асылы Әлиқызы өзінің "Білім ғаламдық, тәрбие ұлттық болу керек."-деген тұжырымды ойымен бөлісе отырып, тек қана оқушылар емес, ұстаздар қауымына да білім беруде, тәрбие жұмыстарында неге мән беру керек екенін айтты. "Ұлт ұстазы-Ахмет Байтұрсынұлының" өмірі мен қызметі, қазақ халқының тілі мен мәдениетіндегі ықпалын дәріптей отырып, Ұлт ұстазының дүниеге келген мекені Қостанай  қаласы,  Торғай жеріне барған іс-сапарының қызықты оқиғаларымен бөлісті. Ахмет Байтұрсынұлына деген құрметі арқылы бүкіл қазақ халқына деген құрметі мен алғысының шексіз екенін білдірді. Кеш барысында қиындықта өзінің қиын жағдайына қарамай өзге ұлтты бауырына басып, оларға кең пейіл көрсеткен халқыңа деген мақтаныш сезімі ұялайды. Еріксіз айдалып көшкен өткен өмірі еркін болашаққа бастағанына бақытты екенін жасырмады. Өзінің бітім-болмысы мен ақыл-ойының тереңдегі арқылы адам жанын баурап алатын осындай қайраткер тұлғалармен кездесу бәрі үшін пайдалы және рухани азық болды.

Вчера в нашей школе мы говорили: "знай все остальное, уважай свой язык!"состоялся вечер встречи. Гость вечера-казахстанский ученый, доктор филологических наук, профессор, заслуженный деятель Казахстана, обладатель ордена Парасат и почетного знака «Тіл жанашыры» Асылы Осман Алиевна. Во время вечера наша гостья поделилась своими непростыми воспоминаниями о детстве и призвала учащихся уважать государственный язык и родной язык. Он продемонстрировал добрую линию отношений между учителем и учеником и призвал к уважению и национальному единству между людьми. В ходе вечера воспитанники нашей школы исполнили кюй, пели песни, танцевали. Ребята задали почетному гостю свои актуальные вопросы, состоялось яркое и яркое общение. Асылы Алиевна отметила, что " образование должно быть глобальным, воспитание-национальным."- поделившись выводом, он рассказал не только ученикам, но и педагогам, почему в образовании, воспитательной работе необходимо уделять особое внимание. В ходе вечера, несмотря на свое непростое положение, он испытывает чувство гордости за свой народ, оказавший им широкую поддержку. Не скрывала, что ей повезло, что ее прошлое, вынужденно изгнанное, начало свободного будущего. Встреча с такими фигурами, которые захватывают человеческую душу через глубины своего мира и разума, была полезной и духовной пищей для всех.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив