15
декабрь
2023
"Жас Қыран" және "Жас Ұлан"

⚜"Жас Қыранға", "Жас Ұлан" ұйымына белсенді оқушылар АНТ беріп, қабылданды.
Бірыңғай балалар – жасөспірімдер ұйымына қабылданушылар патриот болуға, ел мен жерді, ата – ананы қадірлеуге, оқуда озат, еңбекте адал болуға, табиғатты аялауға ант берді.
⚜Оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамытатын, мектептегі тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыратын "Жас Ұлан" ұйымына қабылданған оқушыларды мектеп директорының тәрбие ісі орынбасары Арайлым Болатқанқызы 16 желтоқсан Тәуелсіздік күнімен және салтанатты рәсіммен құттықтап, өз ұлтының қасиеттерін бойына сіңіріп, Отанының патриоты болуға шақырды.
#біртұтас_тәрбие_№203 ЖББМ " КММ
