20
октябрь
2025
Семинар / Семинар
№203 жалпы білім беретін мектебімізде директордын оқу-ісі жөніндегі орынбасары Карымсакова Жанат Қабденқызының ұйымдастыруымен
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында
«Өнер мен қазақ тілі пәнін кіріктіре оқыту арқылы оқылым және коммуникативтік дағдыларды дамыту» тақырыбында қалалық семинар өтті. 🎨📖
Семинар барысында тіліміз бен ұлттық өнердің өзара сабақтастығы,
рухани құндылықтарды дәріптеудің жаңа бағыттары талқыланды.
Ұлттық болмыс пен заманауи білімнің үндестігі көрініс тапқан тағылымды іс-шара болды! 🇰🇿
Іс-шараға мегаполистің 8 ауданынан қазақ тілі мен әдебиет, сондай-ақ көркем еңбек пәнінің мұғалімдері қатысты. Ұстаздарға біліктілікті арттыру ұлттық орталығының мамандары баяндама жасап, заманауи әдістемелерді ұсынды. Семинар соңында № 203 мектептің педагогтері жаңа бастаманы іс жүзінде көрсету мақсатында ашық сабақ өткізіп, қатысушыларға пәндерді кіріктіре оқытудың тиімді тәсілдерін паш етті.
Ашық сабақ өткізген шығармашыл ұстаздарымызға зор алғыс! 🌟
🧩 Салимова Анар Сейденовна – 5 «А» сыныбы
🧩 Акилтаева Акмор Муратовна – 5 «Б» сыныбы
🧩 Серікқызы Айзада – 7 «Б» сыныбы
Олардың әр сабағы – оқушы бойындағы таным мен тілдік құзыреттілікті, өнер мен рухты тоғыстырған шабыт көзі болды! 💫
Семинарға Республикалық Ūlağatty Ūstaz орталығының директоры Кошкимбаев Жәнібек Файзуллаұлы
және «Өрлеу» БАҰО Алматы қаласы бойынша кәсіби даму институтының аға оқытушысы Айжан Есентаева қатысты. Айжан Есентаева:
«Бұл – «Өрлеудің» қарастырып отырған тақырыбы. Жаһандық оқу сауаттылықты, яғни функционалды сауаттылықтың бір құзыреттілігін таныту бағытында білім, тәжірибе алмасып жатырмыз. Қазақ тілі пәніне өнер пәнін кіріктірген кезде оқушылардың бойында қандай ұлттық құндылықтарды дарытуға болады. Мамандық таңдау сияқты мәселелер қолға алынады деген мақсатта жиналып отырмыз», – деді
Ұлттық рух пен жаңашылдықты ұштастырған барша әріптестерге шығармашылық табыс тілейміз! 💐
#АдалАзамат #ҚалалықСеминар #203ЖББМ #ҰлттықӨнер #ҚазақТілі #ПедагогШабыт #ТілЖәнеӨнер #РуханиҚұндылық