15
апрель
2026
Менің сүйікті журналым / Мой любимый журнал
Мектебімізде «Менің сүйікті журналым» тақырыбында ерекше әрі қызықты іс-шара өтті. Бұл іс-шараны 4 «А» сынып оқушылары ұйымдастырды. Оқушылар өздерінің сүйікті басылымы – «Балдырған» журналы туралы әсерлі мәліметтермен бөлісті.
«Балдырған» журналы – қазақ тіліндегі ең танымал балалар журналдарының бірі. Ол алғаш рет 1958 жылы жарық көрген. Журналдың алғашқы бас редакторы – қазақтың көрнекті жазушысы Мұзафар Әлімбаев болған. Осы уақыттан бері «Балдырған» жас оқырмандарға арналған тәрбиелік мәні зор, қызықты әрі мазмұнды материалдарымен ерекшеленіп келеді.
Іс-шара барысында оқушылар журналдың тарихы, мазмұны және оның балаларға берер пайдасы туралы айтып, өлеңдер оқып, көріністер көрсетті. Сондай-ақ журнал беттерінен алынған қызықты әңгімелер мен жұмбақтар ұсынылды. Балалар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, белсенділік танытты.
Бұл шара оқушылардың кітапқа, журналға деген қызығушылығын арттырып, қазақ тіліндегі басылымдарға деген сүйіспеншілігін нығайтты. Барлық қатысушылар үшін бұл күн есте қаларлықтай әсерлі болды.