Хаттамам №3 » №203 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№203 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 36-06-48
Есепші бөлімі:
+7(727) 23-11-37
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
ноябрь
2020

Хаттамам №3

Хаттама №3
Жиналыс мақсаты: Мектептің материалдық- техникалық базасы
Қатысқандар: Қамқоршылық кеңесінің 13- мүшесі
Мектеп директоры: Р.Дайрбаева
ДТІЖО: С.Ахметкалиева
Әлеуметтік педагог: М.Абибуллаева
Күн тәртібінде: 
  1. Мектептің материалдық- техникалық базасы, оны нығайту жолдары мен тәсілдері туралы.
  2. Құқықтық кеңістің сәтсіз отбасыларға көшпелі отырыстары. «Тәуекел тобының» балаларымен әңгімелесу
Тыңдалды: Р.Дайрбаева қазіргі таңда мектепте 6 компьютерлік сынып бар. Әр оқушыға 1 компьютерден жағдай жасалған.Сонымен қатар мектепте интерактивті тақта,қыз балаларға арналған көркем еңбек кабинеті,физика,биология,химия кабинеттері бар. Мектептің барлық оқу кабинеттері, компьютерлік техникамен, интерактивті жабдықтармен және принтерлермен жабдықталған. Мектептің педагогтары мен білім алушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға, білім беру процесінің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Тыңдалды: С.Ахметкалиева сәтсіз отбасы - бұл материалды өмірі нормаға сай емес, өз өмірінің болашағына сенімсіз қарайтын, күйреуге ұшыраған отбасыны айтамыз. Ата - ананың бойындағы өзіне және сыртқы күшке деген сенімсіздік баланың бойына да, өмір сүру салтына да сіңіп кетеді.Біздің ендігі жұмыс мектебіміздегі сәтсіз отбасындағы балаларды біліп,олармен жұмыстар жүргізу.
Тыңдалды: Кадырова Сабина Карильевна мектепте аз қамтылған, сәтсіз отбасында тәрбиеленетін балалар бар.Біз олардың жағдайларымен танысып, біліп отырғанымыз жөн.
Сәтсіз отбасында тәрбиеленетін балалар үшін көптеген жұмыстар ұйымдастыру қажет деп ойлаймын.
Шешім:
  1. Мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту қамқорлық кеңесінің мүшелеріне жүктелсін. 
  2. Сәтсіз отбасында тәрбиеленетін балалар туралы мәліметтер М.Абибуллаеваға жүктелсін.
 Хатшы                                                                                      С.Ахметкалиева
             Қамқоршылық кеңесінің төрағасы                                 Ж.Маканов
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив