Хаттама № 4 » №203 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№203 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 36-06-48
Есепші бөлімі:
+7(727) 23-11-37
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
май
2021

Хаттама № 4

Хаттама №4
Жиналыс мақсаты: Мұқтаж оқушыларға көмек көрсету
Қатысқандар: Қамқоршылық кеңесінің 13- мүшесі
Мектеп директоры: Р.Дайрбаева
ДТІЖО: С.Ахметкалиева
Әлеуметтік педагог: М.Абибуллаева
Күн тәртібінде: 
  1. Мұқтаж оқушыларға әлеуметтік көмек көрсету;
  2. Дарынды балаларды зияткерлік, шығармашылық және спорт қызметінде қолдау;
  3. «Құқықтық тәртіп» рейді
Тыңдалды: М.Абибуллаева 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар үшін ыстық тамақ, мектеп киімдері мен оқу құралдарын сатып алу, жол жүру шығындарын өтеу, сондай-ақ тегін медициналық қызмет көрсету қарастырылған. Мектеп жасындағы балаларға әлеуметтік пакет оқу жылының соңына дейін оқу мекемесі тарапынан беріледі. Егер ата-ана белгілі бір себептермен жалпыға бірдей білім беру қорынан көмек алушылар санатына кіре алмаса, онда отбасыларға демеушілерді тарта отырып, «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы шеңберінде көмек көрсетіледі. 
 
 Тыңдалды: С.Ахметкалиева Біздің мектебімізде Дзю-До мен волейбол болады.15 оқушыдан қатысады.Қатысқысы келген оқушылар тегін келіп жаттығуына болады.
 
 
Тыңдалды: Күн тәртібінде қаралған мәселелерді тыңдадық. Оның ішінде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мектепте болған уақыттағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үнемі күн тәртібінен түспеуі тиіс.
Ұсыныс: Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу және оны болдырмау бағытында іс-шараларын жүргізе отырып, ата – аналар мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер тарапынан жасөспірімдер арасында құқық бұзушылыққа жол бермеу, бақылауды күшейту
 Хатшы                                                                                      С.Ахметкалиева
             Қамқоршылық кеңесінің төрағасы                                 Ж.Маканов
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив