23
март
2026
«ZHAS ZHULDYZDAR» балалар мен жасөспірімдер арасындағы шығармашылық байқау-фестивалі / Фестиваль ZHAS ZHULDYZDAR
Мектебіміз үшін зор мақтаныш!
6 «А» сынып оқушысы Сенбек Самат VIII Халықаралық «ZHAS ZHULDYZDAR» балалар мен жасөспірімдер арасындағы шығармашылық байқау-фестиваліне қатысып, жоғары шеберлігі мен талантының арқасында Бас жүлдені жеңіп алды. Бұл – оқушының қажырлы еңбегінің, шығармашылық ізденісінің және өнерге деген ерекше сүйіспеншілігінің жарқын нәтижесі.
Аталған байқау жас дарындардың өнерін шыңдап, олардың қабілеттерін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретін маңызды алаңдардың бірі болып табылады. Осындай беделді додада топ жарып, Бас жүлдені иелену – үлкен жетістік әрі үлкен жауапкершілік.
Жеңімпазымызды осы биік белесімен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да жаңа жетістіктер мен шығармашылық табыстар тілейміз! Оның бұл жеңісі – тек жеке жетістік қана емес, бүкіл мектебіміздің абыройын асқақтатқан айтулы оқиға.
Сондай-ақ, оқушымыздың бойындағы талантты шыңдап, бағыт-бағдар берген жетекшісі Қадырбаева Гүлмира Сәкенқызына ерекше алғысымызды білдіреміз.
Мектебіміздің мерейін үстем еткен жеңімпазымыз бен жетекшісіне зор денсаулық, шығармашылық шабыт және толағай табыстар тілейміз! Жаңа белестер бағындыра берсін!