Ұстаздар күніне арналған мерекелік концерт
Ұстаздар күніне арналған мерекелік құттықтау Мектебімізде ұлағатты ұстаздарға арналған Мұғалімдер күні ерекше көңіл-күймен аталып өтті. 🌷 Ұстаздарымызға арнап жылы лебіздер айтылып, мерекелік әндер шырқалып, әсем билер мен шығармашылық қойылымдар ұсынылды. Ұстаз – білімнің шамшырағы, шәкірт жүрегіне жол көрсететін асыл тұлға. Осы айтулы күні барша ұстаздарымызға еңбектері үшін алғыс айтып, зор денсаулық, отбасыларына амандық, шығармашылық табыс және шәкірттерінің биік жетістіктерін тілейміз!